Елімізде жыл сайын 700 автобусты жаңарту жоспарланды
Еліміздің автобус парктері льготты автонесиелеу қаржысы есебінен толықтырылмақ, деп хабарлады Elorda.info.
Өндірісті дамыту фонды төрағасының міндетін атқарушы Ринат Гаппаровтың айтуынша, көліктерді несиелеу бағдарламасын қоғамдық көліктерге бағыттау арқылы 700-ден аса автобусты жаңартуға мүмкіндік бермек.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және инфраструктуралық даму вице-министрі Ильяс Оспановтың айтуынша, Қазақстанда 10 525 автобус бар, оның қызметін әр жыл сайын 9 миллион адам пайдаланады.
-Льготты автонесиелеуді толық жүзеге асырған соң басқа да тұрғындардың сұранысына сай істер анықталды. Көбіне, автобустармен қамту мәселесі. Статистикалық мәліметтер бойынша, еліміздің автобус парктеріндегі қоғамдық көліктердің 45 пайызы 10 жылдан бері пайдаланылып келеді, - деді ол.
Айта кетейік, Астанадағы тозған автобустардың үлесі - 25 пайыз. Осы жылы қала әкімдігі 300-ден 500-ге дейін жаңа қоғамдық көліктерді сатып алуды жоспарлап отыр.