00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

CTS-тің мамандандырылған 2 кассасы жабылады

4 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
CTS-тің мамандандырылған 2 кассасы жабылады
Фото: дереккөзден

14 наурызда Қабанбай батыр даңғылы, 5 мекенжайындағы және 28 наурызда Петров көшесі, 24 мекенжайында орналасқан мамандандырылған касса жабылады. Орталық касса және «Сапаржай» автовокзалындағы кассалар қалыпты жұмыс істейді, - деді CTS-тің баспасөз қызметі. 

Қазір Астанада енгізіліп жатқан жаңа төлем жүйесі көлік картасының теңгерімін кассаға бармай, қашықтан және жылдам толықтыруға мүмкіндік береді. 

Әзірге лезде толтыру Kaspi.kz қосымшасы арқылы жүргізіледі. Басқа банктермен келісім жұмыстары жүргізіліп жатыр.