Жыл соңына дейін елорданың Алматы ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

14 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views96
Жыл соңына дейін елорданың Алматы ауданында 6 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Алматы ауданында жыл басынан бері әртүрлі тұқымдағы (үйеңкі, шаған, терек, қарағаш) 3 358 ағаш отырғызылды. Жыл соңына дейін 6 448 ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Бұл туралы аудан әкімі Рүстем Тәуекелов айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осылайша жыл соңына дейін ауданда жалпы 9 806 ағаш отырғызылады.

«Жасыл желектерді күтіп-ұстау және тиісті түрде баптау мақсатында Алматы ауданы аумағында 14 автоматтандырылған суару жүйесі (АСЖ) жұмыс істейді. Биыл соның алтауы қалпына келтірілді. Сонымен қатар 4 жаңа суару жүйесі монтаждау сатысында – Қажымұқан, Жұмабаев көшелері, Абылай хан даңғылында және Қазақстан футбол федерациясы маңы. Суару алаңын 307,8 мың шаршы метрден 600 мың шаршы метрге дейін екі есеге ұлғайту жоспарланып отыр. Ауданның өзекті мәселелерінің бірі – көшелерді, саябақтарды және аулалардың ішін жарықтандыру. Жыл басынан бері бұрын жарықтандыру болмаған 30-дан астам мекен-жайда жарық жүргізілді», - деді аудан әкімі.

Сонымен қатар 150-ден астам аулада жарықтандыру жүйесі қайта қалпына келтірілді.

Жыл соңына дейін аудан аумағын 100% жарықпен қамту жоспарланып отыр.