Биыл елордада екі газ жылу стансасы іске қосылады
Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business телеарнасында "Астананың дамуы және әлеуметтік мәселелер" тақырыбында өткен эксклюзив сұхбатта айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бағдарлама жүргізушісі елорда әкімінен қаладағы ең өзекті мәселелердің қалай шешіліп жатқаны туралы сұрады.
Астана - жаңа қала. Биыл қаланың жиырма бес жылдығын тойлаймыз. Қала тұрғындарының саны ай сайын өсіп жатыр. Қазір ресми түрде 1 млн 350 адам тұрады. Жергілікті миграция әсерінен және құрылыс кезінде тұрғындар саны көбейеді.
Ең өзекті мәселелер деп коммуналдық мекемелердің жұмысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды айтуға болады. Тұрғындар саны көбейген сайын жылу мен су мәселелері туындайды. Биыл екі газ жылу беру стансасы іске қосылады. Жылу электр стансасының бірінші кезеңі биыл бітеді. Ал су мәселесі тамызда жаңа станса іске қосылғанда шешіледі, деді Жеңіс Қасымбек