00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Биыл 200-ге жуық инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр

Биыл 200-ге жуық инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр
Фото: дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

«Astana» ӘКК» АҚ Шағын және орта бизнесті дамыту департаментінің директоры Дмитрий Авакянц инвестиция тарту саласындағы негізгі мақсат өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті ынталандыруға, оның ішінде бәсекеге қабілетті орнықты өндірістерді қалыптастыруға ықпал ететін инвестициялар тарту екенін айтты.

Бұл тұрғыда ӘКК алдында көптеген міндеттер бар. 2024 жылы ӘКК инвестицияның жалпы сомасы 1 трлн теңге болатын 200-ге жуық жобаны іске асыруда. Жобаларға тұрғын үй, спорттық, білім беру, медициналық нысандар, сондай-ақ өндірістік, сауда, әкімшілік ғимараттарды салу кіреді.

ӘКК шағын және орта бизнесті дамытуға нақты көмек ретінде жоба құнының 70% мөлшерінде өнеркәсіпті дамыту қорын қоса қаржыландыруды тарта отырып, шағын өнеркәсіптік аймақтарды салу жөніндегі жоба іске асырылуда. Бірлесіп қаржыландырудың жалпы сомасы 3,5 млрд. теңгені құрайды, - деді Дмитрий Авакянц.

Ал осы бағдарлама бойынша салынған өндірістік алаңдар жеңілдікпен жалдау бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін болады.