00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Instagram» әлеуметтік желісінің әкімшілігі діни экстремизмді насихаттаған 7 сілтемені бұғаттады

5 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
«Instagram» әлеуметтік желісінің әкімшілігі діни экстремизмді насихаттаған 7 сілтемені бұғаттады
Фото: Астана қаласының Коммуникациялар қызметі

Астана қаласы Коммуникациялар қызметі алаңында діни терроризм мен экстремизмге қарсы күрес мәселесі талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Астана қаласының Дін істері басқармасы діни терроризм мен экстремизмге қарсы тұру мақсатында интернет және әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты –діни терроризм мен экстремизмге қарсы иммунитет, нөлдік төзімділікті қалыптастыру. Басқарманың ресми ресурстарында барлығы 1 177 материал, оның ішінде фотопосттар, видеороликтер, сторис, рилстер және басқалары орналастырылған. Қазіргі уақытта қажетті ақпаратпен 2 979 626 адам қамтылған», - деді Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы Басир Сұлтанбейбарс.

Спикердің айтуынша, ақпараттық түсіндіру тобының құрамында 65 адам бар.

Сондай-ақ, ол Астана қаласының Дін істері басқармасының Дін зерттеу орталығы интернет кеңістігін мониторингтеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

«Осы жылдың басынан бастап қаладағы діни жағдай мен белсенді талқыланатын резонанстық оқиғаларға қатысты 543-тен астам анықтама дайындалды. Интернет кеңістігінде радикалды материалдарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Осы жылдың басынан бастап мониторинг барысында қоғамның келісімін бұзуға ықпал ететін, діни экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 7836 материал анықталды. Осы жылдың басынан бастап мониторинг жүргізу барысында 301 әлеуметтік желі пайдаланушысы джихадқа шақыратын ашық насихат, агитация және экстремистік ұйымдардың символикасын жариялау, адам санасына тікелей және жанама әсер ету әрекеттері байқалған беттерге жазылған, оларға ескерту жұмыстары жүргізіліп, парақшадан шығарылған болатын. Деструктивті, заңмен тыйым салынған материалдарды жариялаған, таратқан аккаунттарға қатысты ақпарат Астана қалалық полиция департаментінің экстремизммен күрес басқармасына тиісті шаралар қабылдау үшін жіберілді. 
Қазіргі уақытта «Instagram» әлеуметтік желісінің әкімшілігі 7 сілтемені бұғаттады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Соңғы жылдары әлеуметтік желілердегі қауымдастықтар арқылы діни-экстремистік материалдардың таралуы жиілегендіктен, Дін істері басқармасы «Telegram-бот» «Astana Aqparat» әзірледі, оның мақсаты – күмәнді ресурстарға жазылғаныңызды тексеру. Осылайша, ата-аналар өз балаларының қазіргі уақытта қандай қауымдастықтарға тіркелгенін тексере алады», - деді  Басир Сұлтанбейбарс.