00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Байқоңыр ауданында жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
Фото: дереккөз

Астана күні қарсаңында Байқоңыр ауданының Бөгенбай батыр даңғылында қоғамдық кеңістік ашылды, деп хабарлады Elorda.info.

Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы қоғамдық кеңістіктегі кешенді абаттандыру жұмысы Республика даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейінгі аралықты қамтыды.

Аталған учаскеде 9 мың шаршы метрден аса жаяу жүргіншілер жолы жаңартылды. 500 метрге жуық тіреу қабырғалары жабдықталып, 2 500 шаршы метр асфальт жабыны төселді. 40-қа жуық жарық тіректері, 20-дан аса қоқыс жәшіктері мен орындықтар орнатылды. Сондай-ақ, жасыл желектер, көпжылдық және біржылдық гүлдер отырғызылды.

Бұдан бөлек, тұрғындар үшін көп жылдан бергі түйткілді мәселелердің бірі болған – автотұрақ мәселесі шешімін тапты.

Нәтижесінде, 70 автокөлік орнын құрайтын қосымша автотұрақ жайластырылды. Бөгенбай батыр даңғылы, 54 ауласына кіретін жол кеңейтілді.

Айта кетейік, Астана күніне орай Байқоңыр ауданында барлығы 20 аула, 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылатын болады. Ал жалпы жыл соңына дейін 117 аула аумағын, 7 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарланған.