00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Байқоңыр тұрғындарының 20 мыңнан астам өтініші қаралды

20 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Байқоңыр тұрғындарының 20 мыңнан астам өтініші қаралды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы  Астана қаласы  коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Жыл басынан бері тұрғындардан 20 мыңнан астам өтініш қаралды. Бұл – жеке қабылдауларда, тұрақты және көшпелі кездесулер барысында, ресми интернет-ресурстарында, «IKomek»қалалық мониторинг және жедел ден қою орталығына келіп түскен өтініштер. Негізінен тұрғындарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, аумақтарды абаттандыру, қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырлары, Әлеуметтік және басқа да мәселелер толғандырады. Жалпы, келіп түскен барлық өтініштер бойынша уақтылы шаралар қабылданып, түсініктемелер берілді, - деді аудан әкімі.

Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша 20 жаңа қоқыс контейнерлік алаң орнатылған.

Сондай-ақ 200 жұмыс істеп тұрған контейнер жөндеуден өтті. 50 күл контейнері  дайындалды. 2024 жылы қолданыстағы 300 қоқыс алаңын жөндеу және кеңейту, 100 күл контейнерін дайындау жоспарланып отыр, - деді Талғат Рахманберді.

Брифинг барысында әкім су тасқанына қарсы іс-шаралар жайында да  айтты. 

Биыл  жалпы ұзындығы 2600 сызықтық метр. арық-науа желісін орнату бойынша жұмыстар аяқталды және Чехоев пен Ырыс көшелерінің қиылысында 2 дана жаңбыр қабылдайтын құдықтар орнатылды. 2024 жылы ұзындығы 2700 сызықтық метр 9 көшеде желілерді жабдықтау жоспарда бар, - деді әкім.