00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Б.Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Б.Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдың үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Көрсетілген учаске осы жылдың 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет, - делінген хабарламада.