Қазақстанда медициналық туристер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр

Фото: «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының айтуынша, Астанада JCI халықаралық аккредитациясы бар 8 клиника жұмыс істейді. Олар шетелдік пациенттерді қабылдап, емдейді.
«Қазіргі кезде бұл бағытты жандандыру, жарнамалау үшін түрлі шетелдік платформаларға шығып, таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Өзбекстан, Ресей және т.б. көрші елдерден тіс емдеуге, ЭКО, түрлі операциялар жасатуға келетін пациенттер бар. Жақын арада медициналық туристер санын 100 мыңға жеткізу жоспарланып отыр. Осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Астанада көмірді қайдан және қаншаға сатып алуға болады

15 қыркүйек, 2025
LRT пойыздарының операторлары Қытайда оқытудың екінші кезеңін аяқтады

15 қыркүйек, 2025
Үкіметте мектептер, бірыңғай әлеуметтік төлемдер және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша шаралар ұсынылды

15 қыркүйек, 2025
Елордада «Пациент – серіктес» атты ерекше бағдарлама таныстырылды