Астананың тұрғын алаптарында да концерттік іс-шаралар өтеді

19 наурыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астананың тұрғын алаптарында да концерттік іс-шаралар өтеді
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

21-22 наурызда елорданың алты ауданындағы тұрғын алаптарда концерттік іс-шаралар өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 14 наурызда Қазақстанда Наурыз мейрамына арналған Наурызнаманың онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер және т.б. өтеді.

21-22 наурызда 6 ауданда тұрғындар үшін шығармашылық ұжымдар мен әншілердің қатысуымен концерттік бағдарламалар өтеді. Сондай-ақ спорттық ойындар мен арнайы тақырыптық фотоаймақтар ұйымдастырылады.

21-23 наурыз күндері «Байқоңыр» ауданында мына орындарда ашық аспан астында концерт өтеді:

21 наурыз сағат 12:00-ден бастап – «Қазқалашық» тұрғын алабы, Досмұхамедұлы көшесі, 2;

22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – «Өндіріс» тұрғын алабы, Ақбидай көшесі, 6;

22 наурыз күні сағат 12:00-ден бастап – «Кирпичный» тұрғын алабы, Жолымбет пен Чехоев көшелерінің қиылысындағы орталық алаң;

23 наурыз сағат 13:00-ден бастап – «Қоянды» саяжай алабы, ЭКСПО орталығы алаңы.

«Есіл» ауданы бойынша мерекелік бағдарлама 21 наурыз күні сағат 12.00-де «Пригородный» тұрғын алабындағы Арнасай көшесі, 127, №24 орта мектебінде өтеді.

«Нұра» ауданында 21 наурыз күні мереке «Үркер» тұрғын алабында өтеді. Айғыржал көшесіндегі саябақта сағат 12:00-де киіз үйлер тігіліп, спорт алаңдары мен ұлттық тағамдар ұсынылатын жәрмеңке ұйымдастырылады.

«Сарыарқа» ауданында мына орындар белгіленді:

21 наурыз күні «Көктал» саябағында (С.Бейбарыс көшесі) сағат 11.00-де спорттық ойындар басталады, сағат 12.00-ден бастап концерттік бағдарламамен жалғасады;

21 наурыз күні «Қорғалжын» саябағында (Қайнар көшесі) сағат 11.00-де ұлттық спорт ойындары, ары қарай сағат 12.00-де концерттік бағдарлама өтеді.

22 наурызда «Агроқалашық» тұрғын алабында (Жалын және Қазығұрт көшелерінің қиылысы) сағат 11.00-де ұлттық спорт ойындары, ал сағат 12.00-де концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

«Алматы» ауданы бойынша 21 наурыз күні сағат 12.00-де «Теміржолшылар» тұрғын алабында концерттік бағдарлама басталады.

«Сарайшық» ауданында мына орындар белгіленді:

21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – «Интернациональный» тұрғын алабы;

21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – «Мичурино» тұрғын алабы;

21 наурыз, концерттің басталуы сағат 12.00-де – «Күйгенжар» тұрғын алабы;

22 наурыз, концерттің басталуы сағат 12:00-де – «Промышленный» тұрғын алабы.