00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елорданың кіреберісіне жүк көлігінің салмағын анықтайтын 7 станция орнатылды

Елорданың кіреберісіне жүк көлігінің салмағын анықтайтын 7 станция орнатылды
фото: Көлік министрлігі

Автоматтандырылған өлшеу станциялары қыркүйек айында іске қосылады. Астанаға кіретін барлық жүк көлігі автоматты түрде өлшенетін болады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Астанада 6300-ге жуық самосвал тіркелген. Олар қала маңындағы 29 карьерден инертті жүктерді тасымалдайды.

Жолдардың бұзылуын алдын алып, бақылау барысында адами факторды болдырмау мақсатымен автоматтандырылған өлшеу станциялары Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қосшы қалалары мен Қараөткел және Малотимофеевка кенттері жағынан қалаға кіреберіс жолдарда орнатылды.

Заң жүк көтергіштігі 12 тоннадан асатын автомобильдерді өлшеу станциялары арқылы өтуге міндеттейді. Ал айналма жол арқылы жүріп өту немесе өлшеуден бас тарту сәйкесінше тіркеліп отырады. Бұл ретте Заң талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған. Өлшеу жұмыстары көлік құралдарының қозғалысы кезінде жүзеге асырылады.

Министрлік аталған шараларды жүзеге асыру арқылы автомобиль жолдарының мерзімінен бұрын бұзылуы мен тозуын болдырмау, ауыр және ірі көлемді көлік құралдарының қозғалысын сапалы бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көліктік бақылауды жүзеге асыру кезінде орын алып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мәселелерін шешуге ниетті.