00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтар запасқа шығарылған десантшыларды салтанатты түрде қарсы алды

10 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астаналықтар запасқа шығарылған десантшыларды салтанатты түрде қарсы алды
Фото: дереккөз

Қонаев гарнизоны 35 десанттық-шабуылдау бригадасының 30-дан астам әскери қызметшісі туған қаласына оралды, деп хабарлады Elorda.info.

Әскерге шығарып салу және запасқа шығарылғандарды туған жерлерінде күтіп алу – әскери басқару органдарының өкілдерін, ардагерлерді, туған-туыстарын біріктіретін жақсы дәстүр.

Жиынға қатысушыларға арнап Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, запастағы полковник Ғани Артықов сөз сөйледі.

Жалпы Қазақстан бойынша осы жылдың көктемінде 17 мыңнан аса әскери қызметші запасқа шығарылды, олардың орнына 20 мыңға жуық сарбаз Отан алдындағы міндетін орындауға аттанып жатыр. Осы көктемде біздің қалаға әскерден бір мың астаналық оралады. Қызмет барысында олар мотоатқыш, зеңбірекші, планшетші, радиотелефоншы және т.б. әскери есептік мамандықтарды меңгерді. Алынған білім мен дағдылар болашақта оларға кәдеге жарарына сенімдімін, – деді ол.

Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагері, запастағы подполковник Марат Тұрабаев десантшыларға арнап сөз сөйлеп, оларды оралуымен құттықтап, азаматтық өмірге тез бейімделуін тіледі.

Ұлым Әленнің элиталық әскерде қызмет еткенін мақтан тұтамын. Бір жыл ішінде ол қатты өзгерді, шыңдалды, шынықты, өзіне сенімі артты. Енді әскерде қызмет еткеннен кейін ол білім беру жеңілдіктерін пайдаланады, ҰБТ тапсырусыз жоғары білім ала алады. Бұл болашаққа жасалған жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер, – деп бөлісті әскери қызметшінің әкесі Ерлан Зайыров.