00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астаналықтар тегін құқықтық кеңестер алды

Астаналықтар тегін құқықтық кеңестер алды
Фото: Elordainfo.kz/Василий Крась

Бүгін елордада Конституция күні қарсаңында «Отбасы және мемлекет» тақырыбында азаматтарға тегін құқықтық кеңестер өткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мұнда Нұра ауданы әкімдігі мен прокуратурасы, «Право» қоғамдық қоры, қалалық адвокаттар коллегиясы, елордалық Әділет департаменті және т.б. мамандар азаматтарға кеңес берді.

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Қазіргі таңда мамандар кеңесінің ақысын төлеуді көптің қалтасы көтере бермейді. Осы орайда бүгін отбасын бөлу болмаса біріктіру, мұра, жәрдемақы төлеу тәртіптері және т.б. бойынша тұрғындарға кеңестер беріледі. Сондай-ақ олар өз сауалдарын да қоя алады», - деді «Право» қоғамдық қорының заңгері Нұрай Шортаева.

Мұнда келушілер мамандармен бірге мәселелерін талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қоса, олар өздерін мазалаған сауалдарына жауап алды.

«Мұндай іс-шара бүгін тек Астанада ғана емес, сондай-ақ Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жезқазған және Ақмола облысында өткізіп жатырмыз. Бұл іс-шараның көпке пайдасы мол. Себебі азаматтар заңдық тұрғыдан тегін кеңестер ала алады және өз құқықтары туралы көбірек біледі», - деді «Право» қоғамдық қорының жетекшісі.

Айта кетейік, бұл іс-шараны «Право» қоғамдық қоры ұйымдастырды.