00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадан Семейге гуманитарлық көмек жөнелтілді

16 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанадан Семейге гуманитарлық көмек жөнелтілді
коллаж Elorda.info

Астана қаласы әкімдігінің жаныдағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты гуманитарлық көмек жиналды, деп хабарлады Elorda.info.

Аталған көмек елорданың Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік мүшелері, ассамблеяның өзге де белсенді азаматтары, кәсіпкерлер мен қала тұрғындарының қолдауымен жүзеге асты.

 

Біз бұл үшін хабарландыру тараттық. Әлеуметтік желілерде, уатсап топтарында, әр мәдени бірлестік өзінің инстаграм парақшасында көпшілікті хабардар етті, - деді мекеме басшысы Әділхайыр Мырзаханов. 

Оның айтуынша, бұл игі іске өзбек, әзірбайжан, грузин, неміс этномәдени орталықтары белсене атсалысты. 

 

Қазір азық-түлік, гигиена құралдары, төсек жабдығы, дәрі-дәрмек, барлығы – 2 тоннаға жуық жүк жиналды. Жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек межеленген орынға шамамен 10 сағатта жетпек. Көмек өртті сөндіруге қатысқан адамдарға, эвакуация жасалынған адамдарға арналған.

Салтанат МҰРАТҚЫЗЫ