Астанада жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг аяқталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг аяқталды
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен

Астанада Мемлекеттік жастар саясаты мектебінің аясында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған семинарлар легінің алғашқысы өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info

 

Семинар қатысушылары жастармен жұмыс және Жастар ресурстық орталықтарының әлеуметтік желілердегі бейнесі тақырыптарында оқытылды. Оған Қазақстанның 15 өңірінен іріктеуден өткен 34 жас маман қатысты.  

Оқыту аясында жастар қызметкерлері жастармен тиімді жұмыс істеудің негіздері, PR, стратегия, контент және коммуникация туралы білімдерін пысықтады. 

Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің өкілдері қатысты. Олар іс-шараға қатысушыларға алғыстарын білдіріп, ЖРО қызметкерлерінің республикалық деңгейдегі оқыту семинарларына қатысуы әріптестермен өзара тәжірибе алмасуына оң әсерін тигізетінін атап өтті.