Астанада жүздеген дронмен ұйымдастырылған ерекше шоу өтті

Фото: Астана қаласы әкімдігі
Елордада өткен ерекше дрон-шоуға ондаған мың көрермен жиналды. 20 минутқа созылған мерекелік бағдарлама барысында аспанда заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыбына арналған түрлі-түсті жарық композициялар бейнеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шоуға 550 дрон қатысты. Бұл көрініс Қазақстан полициясы күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды.
Еске сала кетейік, Астанада «Заң және Тәртіп» қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі шаралар – акциялар, рейдтер, тұрғындармен кездесулер, профилактикалық дәрістер өткізіледі.
Игі бастаманың басты мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту және заңға бағыну құндылықтарын дәріптеу.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Тамыз конференциясы: Астана қалалық ұстаздар форумы өтіп жатыр

18 тамыз, 2025
«Қонақүй брондауды растамаған»: Елордалық полицейлер Швейцариядан келген туриске көмек көрсетті

18 тамыз, 2025
Елордада SOS батырмасы арқылы жоғалған қыз табылды

18 тамыз, 2025
Биыл елордада 170 аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр