Астана әкімі қалада жұмыс уақытын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді

Астана әкімі қалада жұмыс уақытын өзгерту туралы ұсынысқа жауап берді
фото: Оңалхан Өнерхан

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл мәселені қазір арнайы институттар зерттеп жатыр. Нәтижесі бір ай ішінде шығады. Жалпы, өз пікірім, бұл әлемдік тәжірибе. Мұндай жағдайдан қорқатын ештеңе жоқ. Кептеліс болмас үшін бұл да шешетін факторлардың бірі», - деді Жеңіс Қасымбек.

Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин өз депутаттық сауалында елордадағы көлік кептелісін азайту үшін мемлекеттік органдарда жұмыс күнінің басталу уақытын өзгертуді ұсынған еді.

«Агломерациялық көлік саясаты аясында осы санаттағы ұйымдардың жұмыс уақытының басталуын өзгерту мәселесін де көтеру керек. Зерттеулер көрсеткендей, таңғы уақыт еңбек өнімділігі тұрғысынан әлдеқайда тиімді. Сондықтан жұмыс күнін таңғы сағат 9-дан 7 немесе 8-ге шегеру ұсынылып отырған шараларға толықтай сай келеді», – деді Асылбек Нұралин.