Астанадағы Backstreet Boys концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды

Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Астанада 21 қыркүйек күні әйгілі Backstreet Boys тобының концерті өтеді. Көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді.
Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады:
– «Астаналық цирк» автотұрағы;
– «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы;
– «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ;
– Орталық саябақ автотұрағы;
– «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ.
Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 07:31
Бүгінгі Астананың ауа райы болжамы

16 қыркүйек, 2025
Астана қалалық мәслихатының депутаттары бірқатар білім беру нысандарын аралады

16 қыркүйек, 2025
ЖИ бойынша халықаралық сарапшылар Астанада бас қосады

16 қыркүйек, 2025
Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарымен танысты