Футболдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» бүгін үшінші ойындарын өткізеді

Бүгін, 17:17
Нұрдәулет Кәкіш Нұрдәулет Кәкіш
views54
Футболдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Семей» бүгін үшінші ойындарын өткізеді
Фото: «Қайрат» футзал клубы

Қазақстандық «Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары бүгін UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші ойынын өткізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Алдымен төртінші топта алматылық «Қайрат» Қазақстан уақытымен 21:00-де косоволық «Приштина» командасымен кездеседі. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Алғашқы екі турда алматылық команда хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен жеңсе, одан кейін Португалияның «Спортингтен» 2:7 есебімен жеңілді.

Ал «Приштина» бірінші ойында «Спортингтке» 1:19 есебімен ойсырай жеңілсе, келесі кезекте «Ново Вриемені» 7:6 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ үшінші топта «Семей» Испанияның «Пальма» клубымен ойнайды. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:30-де басталады.

Қазірге дейін семейлік команда Чехияның «Хрудимін» 9:5 есебімен жеңсе, франциялық «Этуальға» 3:4 есебімен есе жіберді.

Негізгі кезеңнің алғашқы екі ойынында испаниялық клуб «Этуальдан» 2:1, «Хрудимнен» 9:3 есебімен басым түсті.