Астанада Teach for Qazaqstan бағдарламасы түлектері марапатталды


Астанада Teach for Qazaqstan бағдарламасының алғашқы шоғырын шығару салтанатты рәсімі өтті. 22 қатысушы Қарағанды облысының мектептеріндегі екі жылдық жұмысын тәмамдады, деп хабарлады Elordainfo.kz бағдарламаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басталғаннан бері бағдарлама 3500 оқушыны қамтып, өңірдің 9 мектебімен ынтымақтасу арқылы іске асырылуда. Әдістің мақсаты – мектептерде ұзақ мерзімді жұмыс істеу, оқушылар мен педагогтар арасында көшбасшылықты дамыту.
2-ші лек қатысушылары мектептерде жұмыс істеп жүр, 3-ші лек іске кірісуге дайындалып жатыр. 2025 жылы TFQ өз жұмысын Қарағанды облысында жалғастырады және Павлодар мен Қостанай облыстары сияқты жаңа өңірлермен ынтымақтасуды бастайды.
«Бұл екі жыл тек оқыту жайлы болған жоқ. Бұл балалар, мектеп командалары және біздің өзіміз үшін өсу кеңістігі болды. Біз бағдарламаның мектептердің даму жолында серіктестік, ат салысу арқылы қалай қолдай алатынын көріп отырмыз», - деді Teach for Qazaqstan CEO Гүлнар Сәлмен.
«Teach for Qazaqstan сияқты бағдарламалар тек кадрлық тапшылыққа жауап ретінде ғана емес, сондай-ақ мектептерде тұрақты өзгерістерді қалай орнатуға болатынына мысал ретінде де маңызды. Әрдайым сол жерде болу, қауымдастықпен серіктестік ету және дамуға ұмтылу – осының бәрі білім жүйесінде жаңа мәдениетті қалыптастырады», - деп атап өтті ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова.