Астанада такси жүргізушісі жолаушы қызды көліктен шығармай қойған

Астанада такси жүргізушісі жолаушы қызды көліктен шығармай қойған
Фото: Freepik

Астанада бойжеткен  Яндекс Go қосымшасы арқылы Абай көшесі, 8 мекен жайынан үйге жету үшін такси шақырған, деп хабарлады Elordainfo.kz Finratings.kz-ке сілтеме жасап.

Көк түсті Chery көлігінің тізгінінде ер адам болған. Ол көлікте музыканың дыбысын бірден қатты шығарған. Жолаушы сыпайы түрде дыбысты азайтуды сұраған. Содан кейін  жүргізуші күтпеген жерден дөрекі сөйлей бастайды.

«Ол «барлық шекарадан өттің» деп айтып,  маған айқайлай бастады. Кейін ол жолаушылардың ырқына бейімделуге міндетті емес екенін айтты. Мен есеңгіреп қалдым. Тезірек үйге жеткім келді», - деді ол.

Алғашында бұл әдеттегі қақтығыс сияқты көрінді. Бірақ көп ұзамай жағдай күрт ушыға түсті.

Қыздың айтуынша, жүргізуші оны түсіруден бас тартып, керісінше күні бойы көлікте жүретінін айтып, қорқытқан.

«Ол «күні бойы менімен бірге жүресің», - деді. Содан мен көлікті тоқтатуын сұрағанымда ол жүріп кетті», - деді бойжеткен.

Қорыққан қыз туыстары мен полицияға қоңырау шалып, көмек сұраған. Бірақ жүргізуші оны мазақ еткен.

«Ол күліп, өзін «қарақшы» деп айтты. Мен мұның бәрі немен аяқталатынын білмедім», - деді ол.

Жаңа ер жолаушы салонға отырғанда жағдай өзгереді.

Оның қасында таксист кенеттен мінез-құлқын өзгертеді, сыпайы сөйлей бастайды. Тіпті қызды арандатушылық үшін айыптай бастайды.

«Ол жаңа жолаушыға мені адекватты емес деп шағымданды. Бірақ бұған дейін ол маған айқайлады»,- деп түсіндірді жәбірленуші.

Оның айтуынша, жүргізушіге қоңырау шала берген ағасының табандылығының арқасында жағдайға әсер етуге көмектескен.

«Ол мені жайдан-жай үйге апармас еді. Менің ағам жалбарына жаздады. Бірақ жүргізуші оны тыңдамады», - деді қыз.

Ақыр соңында жүргізуші қызды үйіне жеткізіп салған. Жәбірленуші дереу полицияға арыз берді. Кейін ол шағымды Яндекс Go-ге жіберді.

Сервисті қолдау қызметі мұндай жүргізушілермен ынтымақтастуға ниет білдірмейтініне сендірді.

«Біз жағдайды осылай қалдырмаймыз. Құқық қорғау органдарына жүгінуді ұсынамыз. Біз сізді міндетті түрде қолдаймыз және олардың ресми сұрауы бойынша барлық қажетті мәліметтерді тергеуге береміз», - деп хабарлады Яндекс Go.

Енді іс құқық қорғау органдарының құзыретінде. Әлеуметтік желі пайдаланушылары агрессивті жүргізушілерге бақылауды күшейту қажеттілігін талқылап жатыр.