Астанада тағы бір көше жабылады
15 шілде, 2025


Фото: Астана қаласы әкімдігі
Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтна сілтеме жасап.
Аталған жұмыстар «Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу» жобасы аясында жүзеге асырылады.
Осыған байланысты 16 шілде мен 16 тамыз аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ұқсас жаңалықтар

15 шілде, 2025
Елордада «SOS» батырмасы арқылы жоғалған бала табылды

15 шілде, 2025
Астанадағы LRT құрылысы: жол учаскесінде қозғалыс ішінара шектеледі

15 шілде, 2025
Елордада кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

14 шілде, 2025
Қосшыдағы полиция бөлімінде «Тергеушінің көмекшісі» пилоттық жобасы іске қосылды