Астанада тұңғыш падел орталығы ашылды
Әлемнің 70-ші және Қазақстанда алғаш рет падел спорты іске қосылды. Шараның салтанатты ашылуына Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Испания корольдігінің Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро, Ресейду падел федерациясының президенті Антон Бернацкий, бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Барлығыңызды еліміздегі алғашқы падел орталығының ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым бұқаралық спорттың дамуына көңіл бөліп жатыр. Падел орталығының ашылуы елордамыздың 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Аталмыш спортпен қала тұрғындары шұғылдануы арқылы тек қана елімізде ғана емес, әлемдік деңгейдегі көшбасшылардың біріне айналады деп, сенемін — деді, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Падел орталығы Қабанбай батыр даңғылының 47/1 мекен-жайындағы үстел теннисі орталығы ғимаратының артында орналасқан.
Осы орайда Падел федерациясының генеральды хатшысы Арслан Әбілғазин:
Бұқаралық және балалар спортын дамыту мақсатында елімізге жаңа спорт түрі — паделді әкелуді жөн көрдік. Жарты жылдан астам уақытта түрлі қиындықтарға қарамастан, Астана қаласында алғашқы 4 падел кортын орнаттық. Біз бұл корттарды Испаниядан жасатып әкелдік. Бұл спорттың ерекшелігі — жас талғамайды. Кез келген адам 1-2 ойнағаннан кейін-ақ үйреніп кетеді. Осы орайда еліміздегі алғашқы бапкерлерді Ресейде дайындап, 1 жаттықтырушыны Испаниядан әкелдік. Біздің мақсатымыз — падлды ел ішінде танымал спорт түріне айналдыру. Алдағы уақытта Алматы қаласы және өзге облыс орталықтарында падл орталықтарын ашуды жоспарлап жатырмыз,- деп, өз ойымен бөлісті.
Паделдың барлық құралдары үстел теннисі орталығында сатылады. Кортта ойнаудың 1 сағаты шамамен 6-7 мың (бапкермен 10 мың) теңгені құрайды.
Қанат Байұзақов