00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада сыйымдылығы шағын үй ашылды

5 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада сыйымдылығы шағын үй ашылды
фото: Elordainfo

ҚР Әлеуметтік кодексін іске асыру аясында Қазақстан өңірлерінде жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін сыйымдылығы шағын үйлер құру жөніндегі пилоттық жоба басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлім еткендей, жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу арқылы жеке секторды тарта отырып, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің мемлекеттік орталықтарын кезең-кезеңімен монополиядан арылту жоспарлануда. Мүгедектігі бар адамдарға арналған сыйымдылығы шағын үйлер ауылдық жерлерде де салынатын болады.

Пилоттық жобаға еліміздің 7 өңірі қатыспақ, олар: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары.

Бұған дейін хабарланғандай, мүгедектігі бар балаларға арналған алғашқы шағын үй 2023 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда ашылды.

Биыл 29 тамызда Көкшетау және Шымкент қалаларында, ал 1 қыркүйекте Астана қаласында осындай үйлер пайдалануға берілді.

Мүгедектігі бар балаларға арналған сыйымдылығы шағын үйлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі қолжетімді. Олар әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық. Орталықтарда емдік дене шынықтыру, массаж, дефектолог, логопед, психолог кабинеттері және балаларды дамытуға арналған түрлі кабинеттер бар. Бүгінде сыйымдылығы шағын үйлерде 80-ге жуық бала қызмет алып отыр. Сыйымдылығы шағын үйлер жағдайында қызмет көрсету стационарлық және жартылай стационарлық ұйымдардың қолданыстағы желісіне балама болып табылады және баланың отбасымен бірге болуына бағытталған. Бұл бастама мүгедектігі бар балалардың ата-аналарына жұмыс жасауына және отбасының әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді, - делінген министрлік мәліметінде.