Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды

Бүгін, 10:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views55
Астанада Ш.Айтматов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қорғалжын тас жолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Осыған байланысты, 23-26 қыркүйек аралығында бұл учаске ішінара жабылады.

Жұмыс Қорғалжын тасжолынан Ш.Қосшығұлұлы көшесіне қарай жүргізілетін болады. Бұл ретте қозғалыс Ш.Қосшығұлұлы көшесінен Қорғалжын тасжолына қарай бір бағытта ғана ұйымдастырылатын болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет, - делінген хабарламада.