Астанада Ш.Қалдаяқов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Қалдаяқов көшесінің Ж.Нәжімеденов көшесінен Арқар көпіріне дейінгі аралығына жөндеу жүргізеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 1-5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Сонымен қатар Ш.Қалдаяқов пен Ж.Нәжімеденов көшелерінің қиылысы ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

1 қазан, 2025
Астана IT-компаниялардың жаңа орталығына айналып жатыр – Жаслан Мадиев

1 қазан, 2025
Батыс Қазақстан мен Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеге 500 тоннаға жуық өнім әкеледі

1 қазан, 2025
Есіл өзеніне 500 мың тұқы балықтарының шабағы мен ақ амур жіберілді

1 қазан, 2025
Күштік құрылымдар арасында «Әскер барысы» анықталды