Астанада өрт шыққан жатақхана тұрғындарына жаңа пәтер беріледі

Фото: Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінен
Бұл туралы Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімдігі мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Шағын отбасылық жатақханадағы (Бұланты көшесі, 4) өрт салдарынан тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне жеткізілді.
«Кешке олар қонақүйлерге көшіріледі.
Жатақхана апатты деп танылып, 2025 жылы бұзу бағдарламасына енгізілгендіктен, тұрғындар осы апта ішінде жаңа пәтерлерге көшіріледі.
Олар азық-түлікпен және қажетті заттармен қамтамасыз етілген, қаражат және қажетті заттар жинаудың қажеті жоқ. Жағдайға бей-жай қарамай, алаңдаушылық білдірген жандарға алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:28
Биыл Астанада 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылды

Бүгін, 19:18
Футболдан Астанада өткен турнирде ұландық жауынгерлер екінші орын алды

Бүгін, 18:55
Елордада тұңғыш рет үстел теннисінен халықаралық деңгейдегі Президент кубогы өтеді

Бүгін, 18:45
Қазақстан медициналық туризм әлеуетін арттырады