Астанада Құран оқудан ІІ халықаралық жарыс өтеді

25 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views73
Астанада Құран оқудан ІІ халықаралық жарыс өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен 14-16 қазан күндері Астанада ұлттық мерекеміз – Республика күніне және ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай ІІ халықаралық Құран оқу жарысы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Республикалық бас мешітте өтетін сайысқа Қазақстан, Сауд Арабиясы Корольдігі, Әзербайжан, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Қырғызстан, Мысыр Араб Республикасы, Марокко Корольдігі, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Татарстан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан, Малайзия, Бахрейн, Шешен Республикасы, Иран, Иордания, Палестина, Пәкістан, АҚШ, Германия елдерінің қарилары қатысады. Қатысушылар Құранды толық жатқа оқудан бақ сынайды.

Халықаралық жарысқа Қазақстан, Түркия, Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстаннан шақырылған әлемге танымал, тәжірибелі қарилар төрелік етеді.

Екі күнге жалғасатын халықаралық Құран жарысын мүфтияттың төл арнасы Munara TV, «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы және ҚМДБ-ның ресми әлеуметтік желідегі парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады.

Айта кетейік, 2023 жылы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық Құран жарысында мароккалық қари Ильяс Хажри үздік шығып, жеңімпаз атанған болатын.

Өтетін орны: Астана қаласындағы Республикалық бас мешіт.

​Басталуы: 15 қазан, сағат 10:00.