«40% жеңілдік»: ҚТЖ билетке жеңілдікті желтоқсан айына дейін ұзартты

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол билеттеріне маусымдық жеңілдіктер мерзімін ұзартты. Енді жолаушылар 3 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 7 бағытқа билеттерді 40%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Билеттер саны шектеулі.
Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жүретін пойыздар:
• № 9/10 «Астана – Алматы»
Вагон түрі: отыратын (2С)
Жеңілдік: 40% – пойыз жөнелтілуіне 45-тен 10 күнге дейін сатып алынған орындарға;
• № 65/66 «Астана – Жезқазған»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 25% – купелік орындарға;
• № 67/68 «Астана – Өскемен»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 30% – үстіңгі орындарға;
• № 77/78 «Алматы – Маңғыстау»
Вагон түрі: купе (2К)
Жеңілдік: 25% – үстіңгі орындарға;
• № 351/352 «Алматы – Өскемен»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 30% – үстіңгі орындарға;
• № 691/692 «Атырау – Ақтөбе»
Вагон түрі: купе (2К, 2Л, 2У)
Жеңілдік: 20% – үстіңгі орындарға.
Күн сайын қатынайтын пойыз:
• № 11/12 «Алматы – Шымкент»
Вагон түрі: туристік (2Д)
Жеңілдік: 25% – купелік орындарға.
Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан немесе вокзалдағы билет кассаларынан алуға болады. Қосымша ақпарат алу үшін 1433 тегін нөміріне қоңырау шалуға немесе WhatsApp арқылы +7 776 714 5686 нөміріне хабарласуға болады.



