00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «ÓzgeEpic» алғашқы ірі шығармашылық хабы ашылды

Астанада «ÓzgeEpic» алғашқы ірі шығармашылық хабы ашылды
Фото: Ж.Қасымбектің Instagram парақшасынан

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

«ÓzgeEpic» хабына бірегей этно-музей мен қолөнер шеберханасы кіреді. Мұнда қонақтарға заманауи арт-перформанс, музыкалық және әдеби кештер үшін трансформер зал, сондай-ақ заманауи өнер галереясы, театр алаңы және ұлттық ойындардың смарт аймағы ұсынылады. Сондай-ақ, хаб аумағында қазақстандық баспалардың өнімдерін сатуға арналған кітап дүкені бар.

Мемлекет басшысы креативті экономика – талантты, шығармашыл адамдарды қызықтыратын ірі қалалардың дамуының қозғаушы күші екенін атап өтті.

Астанадағы креативті хабтың мақсаты – бәсекеге қабілетті заманауи өнерді дамыту және қоғамның мәдени санасын арттыру, сондай-ақ дарынды және интеллектуалды жастарды қолдау әрі тәлімгерлік ету. Хаб шығармашылық нарыққа жүздеген маманды қосуға ықпал етеді, - деп жазды елорда әкімі.