00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада отбасылық дебошир жедел жәрдем дәрігеріне шабуыл жасады

3 маусым, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада отбасылық дебошир жедел жәрдем дәрігеріне шабуыл жасады
Оңалхан Оңерхан

Астанада ішімдік ішкен ер адам жедел жәрдем қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлады Elorda.info.

Жеделдіктің 3-ші санаты бойынша шақыртылған жедел жәрдем бригадасы көрсетілген мекенжайға келгенде мас ер адамды көрген.

«Жедел жәрдем қызметкері медициналық тексеруді бастаған уақытта ер адам оны ұстап алып, бөлмеге сүйреп, тамағына пышақ тақаған. Екінші фельдшер дереу арада «Алматы» ауданының кіші станциясының аға дәрігеріне хабарлап, полиция шақырды. Фельдшер полиция қызметкерлері келгенге дейін шабуылдан жалтарып үлгерді. Шабуыл нәтижесінде фельдшер де, оған шабуыл жасаған адам да жарақат алған жоқ. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстады», - делінген Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан хабарламада.