Астанада Қорғалжын тасжолының бір бөлігі жөнделеді
Бүгін, 15:21


Фото: Оңалхан Өнерхан
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қорғалжын тасжолының Ш.Айтматов көшесінен Е-128 көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жұмыстардың аясында жол жабынының жоғарғы қабатын төсейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Осыған байланысты, 22-26 мамыр аралығында көрсетілген учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар