00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада нөсер жаңбыр салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада нөсер жаңбыр салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада қатты нөсерден кейін көшелердегі іркілген суды соруға 200-ге жуық техника, соның ішінде АС машиналары мен мотопомпалар жұмылдырылып, жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жауын-шашынның көп болуына байланысты бірқатар көшелерде су жиналды. Барлық коммуналдық қызметтер тиісті жерде және сорғы жұмыстарын жүргізеді. Көп мөлшерде су іркілген учаскелерде кезекші бригадалар жұмыс істейді.

«Elorda eco system» ұйымы жер үсті ағындарын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті іс-шараларды жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды, құбырларды тазарту, су айдау, нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу және т.б. Бұл шаралар бұрын 200-ден астам проблемалық учаскелерде су басу проблемасын шешуге мүмкіндік берген болатын», - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қалпына келтіру жұмыстарын Астана-РЭК қызметтері, апаттық-қалпына келтіру бригадалары және т. б. жүргізуде.

«Астана-АЭК» АҚ-ның барлық жедел-көшпелі бригадалары мен техникалары қазірдің өзінде электр энергиясының авариялық ажырату орындарында электрмен жабдықтауды қалпына келтіруге кірісті. Техниктер мен қызметкерлер тұрақты электрмен жабдықтауды мүмкіндігінше тез қалпына келтіру үшін жедел әрекет етуге дайын.

Қазіргі уақытта 6 электр желісі бойынша апаттық үзілістер орын алды.