00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің форумы өтті

15 қараша, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада Мемлекеттік басқару академиясы түлектерінің форумы өтті
Фото: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы

Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрылғанына 30 жыл, деп хабарлады Elordainfo.kz Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерейтойға орай  «Мемлекеттік басқару жəне мемлекеттік қызмет: бүгіні мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Мұнда   академия ректоры Ерлан Әбіл оқу ордасы еліміз бойынша Ұлттық стандарттарға сәйкес адами ресурстарды басқару және жобаны басқару бойынша персоналдың сәйкестігін растайтын жалғыз аккредиттелген орган мәртебесіне иеленгенін айтты.

«Академияның бүгінгі жетістіктері – ұжымымыз мен серіктестеріміздің ортақ еңбегінің нәтижесі. «Дәстүрді сақтап, болашаққа ұмтылу» ұранымен ұрпақтар сабақтастығын сақтап келеміз. Академия мемлекеттік қызметшілерді даярлаумен және олардың біліктілігін арттырумен шектелмей, мемлекеттік органдарға ғылыми-талдамалық жұмыстар ұсынатын жоғары оқу орнына айналып отыр. Мемлекеттік органдардың сұранысы бойынша жобалық басқаруды енгізу, бизнес-процестерді оңтайландыру және реинжиниринг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты енгізу, персоналдың HR сертификаты және т.б. бойынша консалтингтік қызметтер көрсетеміз», - деді ректор.

Оның айтуынша, 2023 жылы Академия бастамасымен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын 30-дан астам қазақстандық ЖОО арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

«Академияның 4 магистрлік бағдарламасы European Association for Public Administration Accreditation аккредиттеуінен сәтті өтті. Бұл бізге қосдипломды бағдарламаларды, шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Шетелдік серіктестерімізге 30 жылдық мерейтойға келгені үшін алғыс білдіремін. Біз серіктестікке, ортақ жобаларға әрдайым ашықпыз», - деді ректор. 

Секция отырысында Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделі туралы айтып, қатысушыларды бүгінгі Валюта күнімен құттықтады. Елімізде жаңа цфирлық валюта болатынын хабарлап, алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болатынын атап өтті.  

Сондай-ақ секцияға шетелдік серіктестер, Мемлекеттік басқару академияларының ректорлары, Бургас аймағының губернаторы (Болгария) Мария Нейкова, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ) Али бин Себаа Аль-Марри, Кл. Охрид атындағы София университетінің ректоры (Болгария) Георги Вълчев, Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алмазбек Ақматалиұлы Ақматалиев, Армения Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Хачатур Казеян, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Сафарзода Даврон Джурахон, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының проректоры Андрей Маркович Марголин, Орал федералды университетінің Мемлекеттік басқару және кәсіпкерлік мектебінің директоры (Екатеринбург) Клюев Алексей Константинович, Миколас Ромерис университетінің Мемлекеттік басқару институтының директоры
(Литва) Андриус Стасиукинас қатысты.

«Біріккен Араб Әмірліктері әуел бастан жасанды интеллектке көп  көңіл бөлген. 2017 жылы біз жасанды интеллект министрлігінің құрылғанын жариялаған алғашқы үкімет болдық. Әрбір мемлекеттік құрылымға жасанды интеллект бойынша бас директор тағайындалатынын хабарлағанбыз. Олар бұл технологияны институт қызметтерін жақсартып, жұмысшылардың өнімділігін арттыру мақсатында қалай пайдалануға болатынын зерттейді», - деді Али бин Себаа әл Марри, Мұхаммед бен Рашид атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы президенті (БАӘ).

Сонымен қатар мерейтой аясында Академия түлектерінің форумы өтті. Форумға өңірлерден Академияның 1996 жылдан бастап әр жылдардағы түлектері келді. 30 жыл ішінде Академия 3 мыңнан аса мемлекеттік қызметшіні магистратура және докторантура бойынша оқытты. Бүгінде олардың көпшілігі жоғары саяси, атқарушы және заң шығарушы органдарда қызмет етіп, еліміздің дамуына зор үлес қосып жүр.