Астанада LRT пойызы операторларына қосымша қабылдау ашылды

Бүгін, 12:19
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада LRT пойызы операторларына қосымша қабылдау ашылды
Фото: City Transportation Systems

City Transportation Systems ЖШС Астана қаласындағы жеңіл рельсті көлік желісінде жұмыс істейтін пойыз операторларына (машинист) қосымша қабылдау басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

LRT пойыз операторларының негізгі міндеттері:

- жолаушылардың қауіпсіздігін және пойыздың техникалық жағдайын, барлық қауіпсіздік нормаларының сақталуын қадағалау;

- автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысын үздіксіз бақылау, ақауларды анықтау және жою;

- вагондардың электрлі жылытуды/желдетуді сақтау, жолаушыларды отырғызып/түсіру тәртібін реттеу, жылжымалы құрамның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша басқа да жұмыстарды атқару.

City Transportation Systems ЖШС мынаны ұсынады:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналасу;

- жұмыс берушінің есебінен біліктілікті арттыру/оқыту. Оқыту нәтижесі бойынша LRT басқаруға арналған халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.

Оқыту Астана қаласында жүргізіледі. Оқу мерзімі – 8 ай.

Бағдарламаның мақсаты – мамандандырылған компанияларды жұмысқа тартпай, жеңіл рельсті көлікті пайдалану, ағымдағы және күрделі қызмет көрсету үшін білікті мамандарды даярлау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- темір жол көлігі саласындағы жоғары білім;

- жұмыс тәжірибесі локомотив машинисі лауазымында кемінде 3 жыл/локомотив машинисі көмекшісі ретінде кемінде 5 жыл.

- ⁠Ауысымдық кестемен жұмыс істеуге дайын болу.

Түйіндеме CTS ресми сайты арқылы қабылданады: cts.gov.kz.

Сұрақтар бойынша телефон нөмірі: Астана қ. +7 (7172) 577 177 (ішкі 102, 31).

Айта кетейік, қазіргі уақытта LRT пойыздарының 29 операторы Тяньцзинь қаласында (ҚХР) оқып жатыр. Оқудың аяқталуы қыркүйек айында сынақ сапарларының басталуына жоспарланған. Оқыту мердігер ұйым – China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясымен LRT салу шартының шеңберінде іске асырылады.