00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік ел аумағынан шығарылды

9 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада көші-қон заңнамасын бұзған 6 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Оңалхан Оңерхан

Астаналық полицейлер еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Профилактикалық іс-шара барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда қайыр сұрап, азаматтардың мазасын алған 20-дан астам шетелдік азаматты ұстады. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұған қоса көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде елден кетуден жалтару бойынша 6 азамат республика аумағынан шығарылып, 4 шетелдікке айыппұл салынды. Жеке басын анықтау мақсатында 6 шетелдік азамат қабылдау орталығына орналастырылды», - деп көрсетті тәртіп сақшылары.