Астанада Конституция күні қарсаңында жаңа гүлзар ашылды

Бүгін, 16:10
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views56
Астанада Конституция күні қарсаңында жаңа гүлзар ашылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы қарсаңында елорданың Алматы ауданында жаңа сквер ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа сквер Ғ.Мүсірепов көшесі, 4 мекенжайында орналасқан. Ол бұрын гараждар тұрған аумақта абаттандырылды.
Қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылу рәсіміне Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов, қалалық мәслихат депутаты Азамат Өмірзақов және аудан тұрғындары қатысты. Балаларға арналған мерекелік ойын-сауық пен тәттілер ұйымдастырылды.

Жаңа гүлзарда шағын сәулет нысандары, балаларға арналған ойын алаңдары, көлеңкелі бастырмасы бар орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, спорт және workout-алаңқайлары, автотұрақ аймақтары жасақталды, гүлзарлар мен жабындар жаңартылды.

Бұл орын кез келген жастағы тұрғындар үшін тағы бір демалыс орнына айналып, белсенді әрі салауатты өмір салтына жағдай жасайды.

Айта кетейік, биыл Астанада шамамен 170 аула мен қоғамдық кеңістік (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырылуда.

Бұл жұмыс қаладағы барлық ауданды, оның ішінде тұрғын алаптарды да қамтиды. Бүгінде олардың басым бөлігі аяқталды.