Астана қаласы мәслихаты депутаттары медициналық ұйымдарды аралады

Мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы қарсаңында депутаттар бірқатар медициналық ұйымдарға — №3 көпбейінді қалалық ауруханаға, қалалық перинаталдық орталыққа және №13 қалалық емханаға барды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл туралы Астана қаласы Мәслихаты төрағасы Табиғат Зейнұлқабден өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Кездесулер барысында перинаталдық көмек көрсету тарифтік саясатын жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды», - деп жазды Т.Зейнұлқабден.
Оның айтуынша, Астананың денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2023–2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға маңызды үлес қосатын болады.



