Астанада конкурдан Қазақстан кубогы мәресіне жетті


Елордада 20-22 маусым аралығында өткен еліміздің ат спорты күнтізбесіндегі маңызды жарыстардың бірі – конкурдан Қазақстан Республикасының кубогы аяқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ат спорты федерациясына сілтеме жасап.
Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы облысының 30-дан астам спортшы қатысып 120-дан 145 см-ге дейінгі алты бағытта өз шеберліктерін көрсетті.
Үшкүндік жарыстың абсолютті жеңімпаздары:
B тобы:
1 орын – Бекжан Байжанұлы – Кинг Диаманд
2 орын – Нурила Турисбекова – Цендер де Реве
3 орын – Жасұлан Байтаев – Кэшмэйкер және Малика Серік – Микадо
А тобы:
1 орын – Нурила Турисбекова – Кю Бель
2 орын – Ислам Исламов – Скарто II
Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл кезең – спортшылардың шеберлік деңгейін арттырып, мықтыларды анықтауға ықпал етеді. Сонымен қатар, ұлттық құрамаға іріктеу кезеңдерінің маңызды бөлігі болып саналады.
Қазақстан кубогының жүлде қоры – 2 миллион теңгені құрады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктар, дипломдар және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.