Астанада кепілге алынған адамдарға қатысты прокуратура мәлімдеме жасады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада кепілге алынған адамдарға қатысты прокуратура мәлімдеме жасады
коллаж Elorda.info

Елордада кепілге алынған адамдарға қатысты Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеме жасады, деп хабарлады Elorda.info. 

    
Бүгін, 18 маусымда «Kaspi bank» АҚ астаналық бөлімшесінде кепілге алынған 7 адам босатылды.
14.00 шамасында бұрын бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған 1993 ж.т. Жамбыл облысының тумасы А.Мурадов (2013 жылдан есірткіге тәуелді адамдар есебінде тұр) Достық, 12 көшесінде орналасқан «Kaspi bank» АҚ бөлімшесін басып алған, - делінген ведомство ақпаратында. 
Оқиға орнына Ішкі істер министрі, Астана қаласының әкімі, Бас Прокурордың бірінші орынбасары және басқа да мүдделі қызметтер келді.
Жапсарлас тұрған барлық үйлерден тұрғындар дереу шығарылды. 
Жүргізілген арнайы операция нәтижесінде кепілге алынған барлық адам босатылды, қылмыскер зиянсыздандырылып, тергеу изоляторына қамалды.
Операция барысында бірде-бір кепілге алынған адам зардап шеккен жоқ.
Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 261-бабы 2-бөлігінің 4 және 8-тармақтарымен (Адамды кепілге алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.