Астанада ҰҚК төрағасының кубогы үшін футболдан турнир өтті

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада ҰҚК төрағасының кубогы үшін футболдан турнир өтті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінен

Астанада ҰҚК төрағасының кубогы үшін футболдан бесінші республикалық  турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 

Турнир «Астана-Арена» спорт кешені базасында Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылу күніне орай ұйымдастырылды. Оған Құқық қорғау органдары, арнаулы және күштік құрылымдары қызметкерлері қатысты. 

Жарысқа 8 команда бақ сынады. 

Мұнда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы 1 орынды, Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы 2 орынды, Мемлекеттік күзет қызметінің командасы 3 орынды иеленді.