00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада ірі құрылыс компаниясының қызметкері бас бостандығынан айырылды

24 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада ірі құрылыс компаниясының қызметкері бас бостандығынан айырылды
Оңалхан Өнерхан

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған экономистке қатысты үкім шығарды, деп хабарлады Elorda.info.

 

Қалалық соттың хабарлауынша, ірі құрылыс компаниясының экономисті  «1С бухгалтерия» базасы арқылы контрагенттер тізіміне жұбайының атына ресімделген фирманы қосқан. Содан соң ақша қаражатын аудару мақсатында төлем жасау үшін аталған фирмадан бухгалтерияға жарамсыз шоттар берген.

«Осылайша құрылыс компаниясының шотынан сотталушының жұбайының фирмасының шотына 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 73,3 млн. теңгеден аса қаржы және 2022 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында 26,8 млн.теңге аударылған», - деп көрсетілген Астана қалалық сотының хабарламасында.

Құрылыс компаниясына жалпы сомасы 100 млн. теңгеден астам шығын келтірілді.

Сот үкімімен кінәлі деп танылған азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол келтірілген шығынды өтеуі тиіс.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.