Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі басталды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Бүгін Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

 

25-15.jpg

Іс-шара елорданың 25 жылдығына орай қалалық әкімдік пен Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. 

25-16.jpg

Оған әлемнің әр елінен келген театр әртістері қатысып жатыр. Олардың қатарында Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрлары бар. Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қостанай, Петропавл секілді 13 театр фестиваль аясында театрларда қойылымдар қояды. Сондай-ақ олар шеберлік сабақтарын өткізеді. 

25-17.jpg

Мұндағы  мақсат – әлемдік театрлар өкілдерімен шығармашылық қарым-қатынасты нығайту, тәжірибе алмасу, шеберлікті шыңдау. 

Фестиваль алғаш рет 2015 жылдың 29 маусымы мен 2 шілде аралығында өтті. Ал ол 2018 жылы жалғасын тапқан болатын. 

25-18.jpg

Ұйымдастырушылар елорданың қуыршақ театры ашылған күннен бастап әлемдік театрлармен достық  байланыста  екенін айтты. 

25-20.jpg

Бүгінгі күнге дейін театр көптеген халықаралық театр додаларына қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.     

25-25.jpg

I Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестиваліне Перу, Эстония, Болгария, Сербия, Румыния, Ресей, Татарстан, Түркия, Тәжікстан, Италия, Тунис, Бельгия, Босния және Герцеговина сияқты т.б мемлекеттер қатысты. Соның  аясында «EURASIA PUPPET»  - қуыршақ театрлары ассоциациясын құру» - меморандумына қол қойылды. Бұл меморандум театрлар арасындағы байланысты арттыра түсті. Нәтижесінде Қазақстанның қуыршақ театры әлемдік ұжымдармен достық қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып, өнер кеңістігінде құлашын кеңге сермеді, - деді Астанадағы «Қуыршақ» театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Қуат Ежембек.

Бұл фестивальдің өзіндік  ерекшелігі де бар. Мұнда арнайы номинация жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды.  Олар – 7 мен 14 жас аралығындағы өнерпаздар.

25-17.jpg

Қуыршақ театрының басты  көрермені – балалар. Театрға келген баланың болашағы баянды, келешегі кемел болады. Өйткені қойылымдар оларды отансүйгіштікке, бір-бірін құрметтеуге, адамдарды жақсы көруге, табиғатты аялауға үйретеді, - деді Қуат Ежембек.

25-21.jpg

Фестиваль маусымның 29-на дейін жалғасады. Соңғы күні III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлар фестивалінің жабылу салтанатына орай гала-концерт өтеді. Мұнда қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталады. 

25-13.jpg

25-19.jpg

Сабина КӘКІМЖАН