Астанада халықаралық шахмат турнирі өтеді
![Елорда ақпарат](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада халықаралық шахмат турнирі өтеді](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2024/10/17290823977308936.webp)
Бұл туралы Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
6 шілде күні Елорданың 25 жылдығына орай қалалық «Толағай» алыптар сайысы ашық турнирі өтеді! Ұлы Даланың батырларын насихаттауда, қазақтың этно-ойындарын дәріптеу мақсатында өтетін турнирге білегі тоқпақтай, жауырыны қақпақтай 18 жастан асқан қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады, - деді спикер.
Турнир орталық саябақтың автотұрағында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгені құрайды.
9 шілде күні Амфитеатр алдында «Қажымұқан жолы» мәдени-спорттық жобасы, 9 және19 шілде күндері «Astana Zhuldyzdary» халықаралық шахмат турнирі, елорда күніне арналған балалар, жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасындағы Шинкиокушинкай каратэден «Астана кубогы» республикалық турнирін өткізу жоспарланып отыр, - деді Е.Карбозов.