Астанада есту қабілеті нашар жүргізуші қатысуымен жол апаты болды

14 тамыз, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
views100
Астанада есту қабілеті нашар жүргізуші қатысуымен жол апаты болды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Елордада есту қабілеті нашар жүргізушінің қатысуымен жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жүргізушінің сөзінше, оқиға Арнау тұрғын үй кешені маңында болған. Ол жол ережесіне сәйкес өз жолағымен көлігін айдап бара жатқан. Алайда келе жатқан көлік біржақты қозғалысқа қарамастан жол бермеген.

«Жүргізуші көліктен шығып, жүксалғышты ашып, маған зиян келтіру үшін қандай да бір затты алуға тырысты», - деді жәбірленуші.

Болған оқиға видеоға түсірілген. Ал жүргізуші бұл жағдай заң аясында дұрыс шешімін табатынына үміттенеді.

Осыған қатысты Астана қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Бұл факт бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісін анықтады, ол қарсы жолда жүріп, жол қозғалысының басқа қатысушысының қозғалысына кедергі келтірді. Ол жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны үшін жауапқа тартылды. Сондай-ақ азаматпен жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқиғаға қатысушылардан арыз түскен жоқ. Елорда полициясы жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады және жүргізушілерді жол қозғалысының барлық қатысушыларына, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.