Астанада демалыс күндері қандай мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді

8 тамыз, 2025
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views141
Астанада демалыс күндері қандай мәдени-спорттық іс-шаралар өтеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Elordainfo.kz редакциясы назарларыңызға алдағы демалыс күндері Астанада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралардың тізімін ұсынады.

1) Елорда саябақтарында сенбі күні тегін йога сабақтары өтеді. Қатысу – тегін. Ол сағат 19:00-де басталып, 20.00-де аяқталады. Сондай-ақ әр қатысушыға арнайы кілемше беріледі.

Өтетін орындары:

• Сарыарқа ауданы – «Йога» саябағы (Мәмбетов көшесі 1);
• Есіл ауданы – «Жетісу» саябағы;
• Нұра ауданы – Орталық саябақ;
• Алматы ауданы – Триатлон паркі және «Жерұйық» саябағы;
• Сарайшық ауданы – Президенттік саябақ.
Қосымша мәліметті Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан алуға болады,

2)Елордада өзін-өзі қорғаудан жаттығулар сенбі күні «Триатлон» және «Көктал» саябақтарында болады. Оны ММА бойынша әлем чемпионы Василий Тахтай өткізеді. Басталуы: 19:00-де.

3)Тамыздың 10 күні  Астанада скандинавиялық таяқпен жүруге арналған тегін жаттығулар болады. Басталуы: 19:00-де. Қатысу – тегін.

Өтетін орындары:

• «Сарыарқа» ауданы — «Йога» саябағы (Мәмбетова көшесі, 1)
(Жиналу орны: Бейбітшілік–Бұхарбай батыр көшелерінің қиылысы)

• «Есіл» ауданы — «Жетісу» саябағы
(Жиналу орны: Шарын шатқалы локациясы)

• «Нұра» ауданы — Орталық қалалық саябақ
(Жиналу орны: Шаңғы-роллер трассасы)

• «Алматы» ауданы — Триатлон саябағы және «Жерұйық» саябағы
(«Жерұйық» саябағы, Момышұлы көшесі жағынан кіру)
Триатлон саябағы
(Жиналу орны: Көпір жақ бетіндегі полиция пункті)

• «Сарайшық» ауданы — Президенттік саябақ
(Жиналу орны: Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 1Б)

4)10 тамыз, жексенбі күні таңғы 5:30-дан бастап ЭКСПО аумағында «Jüregımnıñ Jeñımpazy» жүгіру-фестивалі болады. Іс-шара ағза трансплантациясын күтіп жүрген пациенттерге қолдау көрсету мақсатында өтеді. Жүгіру 7:00-де басталады.

Қатысушылар үшін музыка, зумба, флешмоб, фудкорт, жәрмеңке, шеберлік сабақтары және сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады.

Фестиваль қалашығы ЭКСПО аумағындағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент маңында орналасады.

5)Алдағы жексенбі күні Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтің «Абай әлемі» атты жеке концерті өтеді. Басталуы: 17:00-де. Өтетін орны: Филармонияның Камералық залы (Абай даңғылы, 29).

Сара Қамзаева