Астанада биыл 2 емхана ашылады – қала әкімі
Елордада биыл 2 емхана ашылады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Atameken business арнасының «Exclusive» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл Астанада 2 емхананы іске қосу жоспарда тұр. Сондай-ақ үш емхананың құрылысы жүріп жатыр. Олардың құрылыстары келесі жылы аяқталады.
Қаланың шетіне емханаларды әкімдік өздері салады. Соңғы 3-4 жылда кемінде 30 мың бала дүниеге келді. Қазіргі кезде перзентхана жетпей жатыр. Астанада екі осындай нысанды салғалы жатырмыз. Оның біреуін әкімдік, екіншісін министрлік салады. Нақтырақ айтсам, министрлік үлкен онкологиялық орталықтың құрылысымен айналысады. Оның құрылысы биыл бітеді. Алдағы жылдары қаланың өсуіне байланысты көптеген медициналық нысан іске қосылады, - деді Жеңіс Қасымбек.