00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада «Білімнің жұлдызы» жобасының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Білімнің жұлдызы» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Коллаж: Elordainfo.kz

Астанада «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Білімнің жұлдызы» I республикалық студенттер форумы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Форумда «Білімнің жұлдызы» шәкіртақысының иегерлері марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дәулет Төлеутайұлы, Гүлдара Алданышқызы, Гауһар Шаймерденқызы, Таңсауле Ғабдыманапұлы, Нұргүл Тау, Айна Ермекқызы, Нартай Аралбайұлы және қоғам белсенділері қатысы.

«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы – «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл үшінші мәрте тағайындалып отыр.

Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Биыл еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болды. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түскен. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз – колледж студенті.  

Форум ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Dauletten» қайырымдылық қорының Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Дәулет Мұқаевтың құттықтау сөзімен басталды.

«Құрметті жастар! Бүгін сіздерді елордада көріп отырғаныма қуаныштымын. Біздің қор білімді жастарды әрқашан қолдайды. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жоба студенттерге кішкене болса да шабыт берері сөзсіз. Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімді жастарымыз көп болсын», - деді ол құттықтауында.

«Мен бұл шәкіртақы туралы ең алғаш әлеуметтік желіден көрдім. Бағымды сынап көрейін деген мақсатпен бір күнде құжаттарымды жинап, өткіздім. Тестілеуден де сәтті өттім. Бұл жоба маған жаңа таныстық пен орта сыйлады», - деді Қонаев университетінің 1курс студенті Тұрлыбек Мейрамбек.