Астанада білім беру грантына құжат қабылдау басталды

8 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views129
Астанада білім беру грантына құжат қабылдау басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада 7-11 тамыз аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында бакалавр бойынша ЖОО-ға құжат қабылдау басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жергілікті атқарушы органның мемлекеттік білім беру тапсырысына конкурсқа қатысу үшін ЖОО-ның қабылдау комиссиясына келесі бағыттар бойынша өтініш береді:

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

• Физика мұғалімдерін даярлау;

• Психология.

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі.

Астана халықаралық университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

• Физика мұғалімдерін даярлау;

• Математика мұғалімдерін даярлау;

• Информатика мұғалімдерін даярлау;

• Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау;

• Психология.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті:

• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

• Математика мұғалімдерін даярлау;

• Физика мұғалімдерін даярлау.

Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті:

• Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі;

• Математика мұғалімдерін даярлау.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті:

• Педагогика және психология;

• Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

• Психология;

• Арнайы педагогтарды даярлау;

• дефектолог;

• логопед;

• олигофренопедагог;

• тифлопедагог;

• сурдопедагог.

Резидентураға құжаттар тапсыру уақыты 18-20 тамыз аралығында өтеді

Астана медицина университеті (резидентура):

• Ересектер мен балалардың анестезиологиясы мен реаниматологиясы;

• Ересектер мен балалардың офтальмологиясы;

• Отбасылық медицина;

• Неонатология;

• Ересектер мен балалардың шұғыл медицинасы;

• Ересектер мен балалардың психиатриясы;

• Ересектер мен балалардың жақ сүйек-бет хирургиясы;

• Патологиялық анатомия.